Есет батыр ауылдық кітапханада «Бір ел –бір кітап» акциясына орай Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романына "Тағдырлы роман - тағылымды тарих" атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарды Қ. Жұмаділовтің шығармашылық жолымен таныстыру, «Тағдыр» романының тарихи маңызын ашу және басты кейіпкер Демежанның ұлт мүддесі жолындағы күресін дәріптеу.Тағдыр — қазақ халқының тарихы мен тағдырын терең суреттеген тарихи роман. Шығармада ХІХ ғасырдағы ел тағдыры, жер мәселесі, ұлт бірлігі және еркіндік жолындағы күрес бейнеленеді. Романның басты кейіпкері Демежан — әділдік үшін күрескен, ел қамын ойлаған тұлға.
Автор шығарма арқылы туған жердің қадірін, халық бірлігінің маңызын және ұлттық рухты дәріптейді. Іс-шара барысында оқушыларға бейне ролик көрсетіліп, роман жөнінде сұрақтар қойылып, жауаптарын берді.
