«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2026 жылы да өз жалғасын табуда. Бұл рухани бастама қоғам назарын кітап оқуға бұрып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды, сондай-ақ барша оқырманды ортақ құндылықтар аясында біріктіруді мақсат етеді. Биылғы Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалып, бүкіл ел болып осы туындыны бірге оқитын болды.«Бұл таңдау – тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық рухты тереңдетуге бағытталған ортақ шешім», Осыған орай Дәуімбай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Қалам мен тағдыр үндестігі" атты дөңгелек үстел өткізді.
Қабдеш Жұмаділов “Тағдыр” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иемденді.
Қ.Жұмаділовтің бұл шығармасы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен.
