1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балалар кітапханасында «Балалық шақ – бақытты әлем» тақырыбында библио-фиест мерекелік бағдарламасы өткізілді. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, кітап пен білімнің ғажайып әлеміне жетелеген ерекше мерекеге айналды.Библио - фест мерекелік шараға өнер мектебінің жас оқушылары қатысып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Домбырадан күй шертіліп, әннен шашу шашылды. Мерекеге орай жас бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды.
