Жаңадария ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  1 маусым  - Халықаралық балаларды қорғау күні "Бар жақсылық балаларға" атты мерекелік-көпшілік шара өтті. Мерекелік шарада әсем әндер айтылып, би билеп, спорттық ойындар ойналып, жеңімпаздарға сыйлық берілді. Клуб кәсіпорны мен кәсіпкер Күлән Құрақбаева демеушілігімен тәтті балмұздақтар балаларға үлестірілді. Мерекелік көңілде ата-аналар, балалар өз ризашылықтарын білдірді.