- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 19 октября 2026
- Просмотров: 9
Жаңадария ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні "Бар жақсылық балаларға" атты мерекелік-көпшілік шара өтті. Мерекелік шарада әсем әндер айтылып, би билеп, спорттық ойындар ойналып, жеңімпаздарға сыйлық берілді. Клуб кәсіпорны мен кәсіпкер Күлән Құрақбаева демеушілігімен тәтті балмұздақтар балаларға үлестірілді. Мерекелік көңілде ата-аналар, балалар өз ризашылықтарын білдірді.
Аққошқар ауылдық мәдениет үйі мен Еңбек ауылдық кітапханасы бірлесе ұйымдастырған "Біз бақытты баламыз" атты мерекелік ертеңгілік өтті! Кішкентай қонақтарымыздың жүздері жарқырап, күлкі-қуанышқа толды! "Хақназар" өнер орталығының жылы қолдауымен барлық балаларға балмұздақ үлестірілді.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай №2 филиал кітапханасында «Әр ертегі - бір әлем» атты әдеби лото ұйымдастырылды. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, кітап пен білімнің ғажайып әлеміне жетелеген ерекше мерекеге айналды.Әдеби лотоға З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің жанынан құрылған лагерь оқушылары қатысты.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балалар кітапханасында «Балалық шақ – бақытты әлем» тақырыбында библио-фиест мерекелік бағдарламасы өткізілді. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, кітап пен білімнің ғажайып әлеміне жетелеген ерекше мерекеге айналды.Библио - фест мерекелік шараға өнер мектебінің жас оқушылары қатысып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Домбырадан күй шертіліп, әннен шашу шашылды. Мерекеге орай жас бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2026 жылы да өз жалғасын табуда. Бұл рухани бастама қоғам назарын кітап оқуға бұрып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды, сондай-ақ барша оқырманды ортақ құндылықтар аясында біріктіруді мақсат етеді. Биылғы Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалып, бүкіл ел болып осы туындыны бірге оқитын болды.«Бұл таңдау – тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық рухты тереңдетуге бағытталған ортақ шешім», Осыған орай Дәуімбай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Қалам мен тағдыр үндестігі" атты дөңгелек үстел өткізді.










