- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 19 октября 2026
- Просмотров: 11
9 мамыр – тарихымыздағы ең қастерлі күндердің бірі. Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың мәңгілік символына айналған Ұлы Жеңіс күні. Осы мерекеге орай Есет батыр ауылдық кітапханасында "Жеңіс жыры- жүректерде" атты кеш өткізілді. Кешті ауыл әкімі Д. Оразбекұлы ашып беріп, Жеңіс мерекесімен құттықтады. Кеш барысында ауыл ақсақалдары әкелерінен естіген соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер еске алынып, майдангерлердің ерен ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі кеңінен насихатталды. Қатысушыларға арнап әсерлі өлеңдер оқылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, оны дәріптеу.Іс шара соңында "Жеңіс.Ерлік.Тағзым" атты кітап көрмесімен таныстырылды.












