Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Жаңадария ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  1 маусым  - Халықаралық балаларды қорғау күні "Бар жақсылық балаларға" атты мерекелік-көпшілік шара өтті. Мерекелік шарада әсем әндер айтылып, би билеп, спорттық ойындар ойналып, жеңімпаздарға сыйлық берілді. Клуб кәсіпорны мен кәсіпкер Күлән Құрақбаева демеушілігімен тәтті балмұздақтар балаларға үлестірілді. Мерекелік көңілде ата-аналар, балалар өз ризашылықтарын білдірді.

Аққошқар ауылдық мәдениет үйі мен Еңбек ауылдық кітапханасы бірлесе ұйымдастырған "Біз бақытты баламыз" атты мерекелік ертеңгілік өтті! Кішкентай қонақтарымыздың жүздері жарқырап, күлкі-қуанышқа толды! "Хақназар" өнер орталығының жылы қолдауымен барлық балаларға балмұздақ үлестірілді.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай №2 филиал кітапханасында «Әр ертегі - бір әлем» атты әдеби лото ұйымдастырылды. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, кітап пен білімнің ғажайып әлеміне жетелеген ерекше мерекеге айналды.Әдеби лотоға З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің жанынан құрылған лагерь оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер қызықты кітап көрмелерімен танысып, әдеби кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады, танымдық ойындар мен викториналар өткізіліп, өздерінің тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балалар кітапханасында «Балалық шақ – бақытты әлем» тақырыбында библио-фиест мерекелік бағдарламасы өткізілді. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, кітап пен білімнің ғажайып әлеміне жетелеген ерекше мерекеге айналды.Библио - фест мерекелік шараға өнер мектебінің жас оқушылары қатысып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Домбырадан күй шертіліп, әннен шашу шашылды.  Мерекеге орай жас бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2026 жылы да өз жалғасын табуда. Бұл рухани бастама қоғам назарын кітап оқуға бұрып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды, сондай-ақ барша оқырманды ортақ құндылықтар аясында біріктіруді мақсат етеді. Биылғы Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалып, бүкіл ел болып осы туындыны бірге оқитын болды.«Бұл таңдау – тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық рухты тереңдетуге бағытталған ортақ шешім», Осыған орай Дәуімбай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Қалам мен тағдыр үндестігі" атты дөңгелек үстел өткізді.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni