Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Есет батыр ауылдық кітапханада «Бір ел –бір кітап» акциясына орай Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романына "Тағдырлы роман - тағылымды тарих" атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарды Қ. Жұмаділовтің шығармашылық жолымен таныстыру, «Тағдыр» романының тарихи маңызын ашу және басты кейіпкер Демежанның ұлт мүддесі жолындағы күресін дәріптеу.Тағдыр — қазақ халқының тарихы мен тағдырын терең суреттеген тарихи роман. Шығармада ХІХ ғасырдағы ел тағдыры, жер мәселесі, ұлт бірлігі және еркіндік жолындағы күрес бейнеленеді. Романның басты кейіпкері Демежан — әділдік үшін күрескен, ел қамын ойлаған тұлға.

Жаңадария ауылының орталығындағы "Даңқ" аллеясында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған "Бейбіт өмір-бабалар аманаты" атты реквием сағаты өтті. Шараны ауыл әкімі Р.Ақпанбетов ашып, ауыл имамы Б.Айназаров соғыстың қасіреті мен бейбіт өмірдің құндылығын сөз етті. ,,Даңқ" тақтасында есімдері жазылған, соғысқа ауылдан қатысқан аталардың рухтарына арнап құран бағышталды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, 1 минуттық үнсіздікпен, еске алынды. Батырлардың ерлігі, Жеңіс , Отан жайлы өлеңдер оқылып, құттықтау лебіздер айтылды.

9 мамыр – тарихымыздағы ең қастерлі күндердің бірі. Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың мәңгілік символына айналған Ұлы Жеңіс күні. Осы мерекеге орай Есет батыр ауылдық кітапханасында "Жеңіс жыры- жүректерде" атты кеш өткізілді. Кешті ауыл әкімі Д. Оразбекұлы ашып беріп, Жеңіс мерекесімен құттықтады. Кеш барысында ауыл ақсақалдары әкелерінен естіген соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер еске алынып, майдангерлердің ерен ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі кеңінен насихатталды. Қатысушыларға арнап әсерлі өлеңдер оқылды.

Мөрәлі Шәменов – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға, Ұлы Отан соғысының ардагері, ел үшін аянбай еңбек еткен қоғам қайраткері. Ол 1916 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Коммунизм ауылында дүниеге келген. Майдан даласында ерлік көрсетіп, әскери барлаушы ретінде көптеген маңызды шайқастарға қатысқан. Ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары да ел игілігі үшін еңбек етіп, ауыл шаруашылығы мен қоғамдық жұмыстарды дамытуға зор үлес қосты. Оның есімі туған елінде құрметпен аталып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып келеді.

Аудандық кітапханада жергілікті ақын Темірше Сарыбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай ақын мұрасын насихаттау, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және көркем сөзге деген құрметті арттыру мақсатында "Сөйле жүрек" атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар жүрек тебірентер жырларын оқып, арнау арнап көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Мүшайраға ауданның талантты жастары қатысып, өзара бақ сынасты. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, үздіктерді анықтады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni