Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай аудандық кітапханада "Әр өлеңі — бір әлем" атты лирикалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, сыршыл өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сондай-ақ Мұқағали поэзиясының тәрбиелік мәні мен көркемдік ерекшелігі сөз болды. Лирикалық кеш қатысушыларға рухани әсер сыйлап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттырды.

Есет батыр ауылдық кітапханада мәдениет Үйімен бірлесіп ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйтімовпен "Елдің құты-еңбек ардагері" аттты сыр сұхбат өткізілді. Мақсаты: Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету. Іс-шараға ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары қатысты.

Таңдаулы 100 кітапты насихаттау мақсатында, жас оқырмандарды әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ әдебиетінің маңызды шығармаларын таныстыру үшін Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мардан Байділдаев атындағы №232 мектептің 5-ші және 6-шы сынып оқушылары қатысқан «Жүз кітап – жүз қазына» атты әдеби круиз өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, әдеби шығармалар бойынша сұрақтарға жауап берді.

1-топ — Абай мұрагерлері

2-топ — Қазақ рухы

Дина Нұрпейісова – қазақтың күй өнеріндегі дара тұлға, Құрманғазының шәкірті, ұлы домбырашы. Биыл халқымыз ұлы өнерпаздың туғанына 165 жыл толуын атап өтуде.

Осыған орай аудандық кітапханада «Ұлы дала күйшісі- Дина" атты әдеби кейс өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Динаның өмір жолымен, шығармашылығымен танысып, күйлерінің мән-маңызын талқылады. Күй арқылы ұлт рухын танытқан Дина Нұрпейісованың өнері – өшпес мұра.

Руханият орталығында «100 кітап» жалпыұлттық сауалнаманың қорытындысы бойынша ұсынылған кітаптарды насихаттау максатында "100 кітап - ұлт таңдауы" атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.Шараның мақсаты:Жалпы ұлттық кітап оқу мәдениетін дамыту, әдеби мұраны дәріптеу, түрлі буын өкілдерінің кітапқа деген талғамын зерделеп, әдеби құндылықтар жүйесін саралау және әдеби орта қалыптастыру.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni