- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 19 октября 2026
- Просмотров: 9
Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын насихаттау мақсатында «Ұлт жадындағы – "Тағдыр"» атты библиографиялық шолу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, «Тағдыр» романының тарихи-танымдық, көркемдік және тәрбиелік маңызын насихаттау. Сонымен қатар, шығарма арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру, отансүйгіштік рухты нығайту, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және қазақ әдебиетінің жауһар туындыларын кеңінен таныту.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру бастамасы аясында Қызылорда облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырған "Жазғы оқу сайысы" байқауында Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық кітапхансының белсенді оқырманы Боранбай Әйгерім үздік нәтиже көрсетіп, 1 дәрежелі Дипломмен, 2 дәрежелі Дипломмен Таң ауылдық кітапханасының үздік оқырманы Романқызы Мерей, арнайы Алғыс хатпен Есет батыр ауылдық кітапханасының жас оқырманы Әлиқызы Айбибі марапатталды!
«Кітап керуені» жобасы Жалағаш ауданының Таң ауылында өтті. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман мәдениетін дамыту. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Акцияда жазушы Құттыбай Сыдықовтың зайыбы Қуанышкүл Сыдықова, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тұрақ Адисұлы, ақын қыздарымыз Ғазиза Әбілда, Гаухар Қожахметова кітаптарын сыйға берді.
Жаңадария ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен "Бір ел- бір кітап" акция аясында Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай "Тағдыр тауқыметі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандарды жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, ұлттық рух пен тарихи сананы қалыптастыру.
Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романынан талдау өткізілді. Романда- қазақ халқының тарихи тағдыры, шекара бөлінісі, ұлттың болашағы әсіресе қазақ жерінің екі мемлекетке бөлінуі кеңінен суреттеледі. Шығармада шетелде қалған қазақтардың өмірі, елден айырылу трагедиясы көрініс табады. Роман оқырманды өмірлік таңдау, жауапкершілік, адамгершілік туралы ойлануға жетелейді. Демежан – романның басты кейіпкері, тарихи тұлға.Оның бейнесі арқылы халықтың қайғысы күрескерлік рухәділдікке ұмтылыс көрсетіледі.Роман 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде тарихи оқиғалар бір-бірімен байланысып өрбиді. Талдау оқушылар үйінің қызмепткерлері арасында өткізілді.










